«Шахтер» командасының футболшылары жалақыларын ала алмай жүр - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sports.kz порталының хабарлауынша, «Шахтер» командасының футболшылары айлық жалақыларын ала алмауына байланысты 26 қазан күні жаттығуға шықпаған.
Айта кететін мәселе, клубтағы бапкерлер штабы мен басшылықтың ауысуына байланысты 14 турда турнирлік кестенің соңғы сатысында тұрған команда 6-шы орынға көтерілді. Қазір олардың тіпті еурокубок ойындарына қатысуға мүмкіндіктері бар.
Алайда, клубта айлық жалақы қарызы үшінші айға созылып барады, футболшылар сонымен қатар сыйақыларын да ала алмай жүр. Чемпионаттың соңғы 2 турында «Шахтер» командасына қостанайлық «Тобыл» мен павлодарлық «Ертіс» командаларымен бақ сынасу қажет.