«Шахтер» ойыншысына Бундеслига командасы құда түсіп отыр

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының клубы «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Геворг Казарян Германия еліндегі алғашқы жаттығуын өткізді.

«Шахтер» ойыншысына Бундеслига командасы құда түсіп отыр

Бұл туралы «Аламан» порталынан хабарлады.

«Айнтрахт» сапында бірінші жаттығуын өткізген Казарянға берілген алғашқы баға жаман емес. «Айнтрахт» Бундеслигадан айырылып қалғысы келмейді, осы тұрғыдан мықты ойыншылардың қажет екенін клуб басшылары мәлімдеген болатын.