"Шахтер» топтық кезеңде «Маккабимен» 2:2 есебімен тең түсті

Ойынның алғашқы минутынан-ақ "Шахтер" Боян Шарановтың қақпасына шабуылды үдетті. Бірақ израильдықтар да қарап қалмады. Дегенмен әлдымен Андрей Финонченко, содан кейін Евгений Тарасов қонақтар қақпасына доп соғып, алғашқы таймды 2:0 есебімен аяқтады.
Ойынның екінші жартысында қонақтар құрамын екі адамға жаңартып, белсендірек қимылдай бастады. Осындай шабуылдардың бірінде Хэн Эзра доп айырмашылығын қысқартып үлгірді. Ойының соңына қарай Алон Турджеманның соққан добы есепті теңестіріп кетті. "Шахтер" футболшылары сөйтіп, жеңісті қолдан шығарып алды. Есеп 2.2 есебімен тең аяқталды.
Енді қарағандылықтар Астанада 24 қазанда "Аз Алкмаармен" кездеседі.
«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) - «Маккаби» (Хайфа, Израиль) 2:2 (2:0)
Голы: Финонченко 40 (1:0), Тарасов 45 (2:0), Эзра 54 (2:1), Турджеман 79 (2:2)