«Шахтердің» директоры мен бас бапкері отставкаға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық  «Шахтёрдің» директоры Асқар Әбілдаев пен   команданың бас бапкері Алексей Еременко отставкаға жіберілді, деп хабарлады  KazFootball.kz.

«Шахтердің» директоры мен бас бапкері отставкаға жіберілді

Қарағандылық «Шахтёр»  14-ші турдан кейін    Премьер-лигада соңғы орынды иеленді. Ресей маманы Алексей Еременко  өткен жылы тамызда   «Шахтёрді» басқарып,  «кеншілерді» Премьер-лигадан шығып қалудан құтқарған.   Асқар Әбілдаев  болса, 2016 жылғы ақпанда «Шахтер» басшысы болып қайта тағайындалған. 

Алексей Еременко осы маусым басталғаннан бергі отставкаға жіберілген Премьер-лигадағы төртінші бас бапкер.