Шахтинск қаласында спортшыны пышақтап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше түнде Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласында 24 жастағы спортшы жігітті пышақтап кетті, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Instagram -дағы Қарағанды патриоты парақшасындағы мәліметке қарағанда, жергілікті тұрғындар түнде айғай-шу мен мылтық дауысын, біреулердің төбелескендігін естіген.

Сонымен қатар осы парақшада Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат та жарияланған. Онда 20 тамыз күні түнгі сағат 01-00-де Шахтинск орталық ауруханасына пышақ жарақатымен 24 жастағы қала тұрғыны жеткізілгендігі айтылған.

«Ол есін жимастан қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1 бөлімінің «Адам өлтіру» 99-бабы бойынша бергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп атап өткен полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар
telegram