Шахтинск қаласының 30 тұрғынына пәтер кілті берілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрғандарға 30 пәтер тапсырылды. Қоныс тойын жетім балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және әлеуметтік жағдайы осал отбасылар атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шахтинск қаласының 30 тұрғынына пәтер кілті берілді

Пәтерлер қалпына келтірілген үйде орналасқан. Оның бір бөлігі осы жылдың көктемінде қайта жөндеуден өтті. Бұл үйде ведомстволық пәтерлер алған дәрігерлер тұрып жатыр. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін аталмыш тұрғын үй жалға берілетін болады.

«Бұл тұрғын үйге мұқтаж отбасылар үшін айтарлықтай көмек. Менің ойымша, біздің өңірдегі абаттандыру мен құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бұл жұмыстың негізгі ұстанымының бірі барлық азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады», - деді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов.

Жаңа қоныстанушылардың көпшілігі бұрын баспана жалдауға немесе туыстары мен достарынан үйлерінде тұруға мәжбүр болған.

«Мен кезекте 2010 жылдан бастап тұрдым, осыған дейін туыстарымның үйінде тұрдым. Мен пәтер алғанымды естігенімде қуанышымда шек болмады. Өз баспанаңның табалдырығын аттағаннан артық еш бақыт жоқ деп санаймын», – дейді Шынғыс Малгелдиев.

2020 жылы облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өңірдегі құрылыс көлемін 1,5 есеге ұлғайтуы тиіс. Бұл кезекті қысқартуға және жақын арадағы бірнеше жылда халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық өкілдерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.