«Шахтинская» шахтасында жаңа лава іске қосылды - Қарағанды облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Шахтинская» шахтасында 8 Д1-2 жаңа тазалау кенжары іске қосылды. 
None
None

Жаңа лаваны жабдықтауға барлығы 500 миллион теңге инвестиция салды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бұдан былай көмір өндірудің орташа тәуліктік көлемі 3 000 тоннаны құрайды деп жоспарлануда. 
Жаңа кенжар тоғыз ай ішінде өндірілетін болады. Жаңа лаваның кенжар бөлігінің ұзындығы 130 метрді, көмір қоры 590 мың тоннаны құрайды.

«Үлкен кешенді жұмыстар жоғары өнімді көмір өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылды. Ерекше назар лаваны желдету және аэрогазды қорғауға аударылды. Кенжар Davis Derby газды бақылау мониторингтың жоғары технологиялық жүйесімен жабдықталған, ол кенжарда кеніш атмосферасының жай-күйін бақылауды тұрақты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік комиссия жаңа кенжарды пайдалануға «өте жақсы» деген бағамен қабылдады», - делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, 2017 жылы шахталарда сегіз жаңа лава іске қосылды. Алдағы уақытта Ленин атындағы шахтада жаңа тазалау кенжарын іске қосу жоспарланып отыр. 

 

Соңғы жаңалықтар