Шахтинскіде мектеп оқушысы үйдегі турниктен ажал тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Үйіндегі вед тосқауылында турникке асылған №6 мектептің 6-сыныбында оқитын бала жазатайым мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шахтинскіде мектеп оқушысы үйдегі турниктен ажал тапты

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 12 жасар бала мектептен келіп, турникке асылған. Жазатайым оқиға болған кезде пәтерде оның шешесі де бар еді. «Алтыншы сынып оқушысы үйдегі турникке асылып ойнап жатқанда дем алысы қиындап тұншыға бастаған, - дейді Шахтинск білім басқармасының басшысы Николай Онсович.

Дегенмен құқық қорғау органдары оқыс оқиғаға себеп болуы мүмкін болжамдардың ешқайсысын жоққа шығармай отыр. Олардың пікірінше, баланың өліміне жаттығу кезіндегі жазатайым оқиға да себеп болуы немесе бала өзіне-өзі қол жұмсаған да болуы мүмкін. Қылмыстық іс ҚК 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеп-тексерілуде.