Шахтинскіде жекеменшік үй өртеніп, зейнеткер қаза болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Шахтинскіде жекеменшік үй өртенді, зейнеткер қаза болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Шахтинскіде жекеменшік үй өртеніп, зейнеткер қаза болды  - ҚР ТЖМ

Жұма күні, 15 маусымда Шахтинск қаласында 2 пәтерлі жекеменшік үйде өрт болды. Тілсіз жау 25 шаршы метрді шарпыды. Өрт болған жерден 72 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.