Шакира екінші балаға жүктілігі жайындағы қауесетті растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбиялық әнші Шакираның екінші сәбиін күтіп жүргендігі жайлы соңғы уақыттарда БАҚ-та жиі айтылып келген. Жақында әнші бұл әңгіменің ындыққа жанасатынын жайлы хабар таратты. Поп-жұлдыз мексикалық Cosmopolitan журналистеріне берген сұхбатында испандық футболшы Жерар Пикеден екінші нәресте күтіп отырғандығын мәлімдеді.
None
None

Алғаш рет әншінің жүктілігі туралы ақпарат баспасөзде шілдеде футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан кезде жарық көрді, деп хабарлады Lenta.ru. Шакира спорт шарасында қарапайым, ішін жасыратын көп қатпарлы көйлекпен шықты. Алайда әнші мен оның азаматтық некедегі жұбайы ол кезде жаңалықтарымен бөліспеді.

37 жастағы әнші мен 27 жастағы футболшының бірінші баласы бір жарым жаста. Милан Мебарак Пике (Мебарак - анасының тегі) 2013 жылы қаңтарда дүниеге келген.

Еске сала кетейік, Шакира алғашқы жүктілігі туралы өзінің Facebook парақшасына хабарлама орналастырып, растаған болатын.

Соңғы жаңалықтар