Шәкірттеріме еш өкпем жоқ - Александр Мальцев, хоккейден қыздар құрамасының бапкері

САППОРО. ҚазАқпарат - VІІІ қысқы Азиада ойындарында қола жүлдегер атанған хоккейден Қазақстанның құрамасының бапкері жарыстан соң өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ойын тамаша өтті. Мен шәкірттеріме алаңның кей бөліктерінде жинақы ойнау керектігін тапсырдым. Олар сол тапсырманы орындай білді. Біз сол арқылы басымдыққа иелік еттік. Қарсыластармызда барын салды, алайда жалпы алғанда біз жаман ойнаған жоқпыз. Соның арқасында қола жүлдеге қол жеткізіп отырмыз. Ойыншыларыма еш өкпем жоқ. Олар қолдан келгендерінің бәрін көрсетті. Жылдамдық - бүгінгі хоккей матчында ең негізгісі болды», - деп атап өтті бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, хоккейден Қазақстанның қыздар құрамасы Саппородағы Азиада ойындарында жалпы бес ойын өткізіп, үшеуінде қарсыластарынан басым түссе, Жапония мен Қытай құрамасынан ұтылып қалды. Бірақ, қола медаль үшін тартыста қарсыластарын 8:0 есебімен ұтып жүлдегер атанды.

ФОТО Данияра Майлыбаева 

Соңғы жаңалықтар