Шала туған балалар психикалық ауруларға бейім болып келеді

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Ұлыбритания мен Швеция ғалымдары шала туған балалардың мерзімінде дүниеге келгендерге қарағанда ересек жасқа жеткенде психикалық ауруларға ұшырау қаупі мол екенін анықтады.

Шала туған балалар психикалық ауруларға бейім болып келеді

Би-Би-Си-дің «Орыс қызметінің» хабарлағанындай, 32 аптаға жетпей дүние есігін ашқан адамдар дәрігерлердің көмегіне психикалық сырқатпен байланысты орта есеппен үш есе жиі жүгінетін көрінеді.

Айта кетейік, сарапшылардың айтуына қарағанда, дегенмен шала туған адамдардың қауіпті психикалық ауруларға шалдығу ықтималдығы онша жоғары емес,  деп жазады 1tv.kz.