Шалабай стансасына пойыздар тоқтай бастады

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат -  2012 жылғы тамыздың 20-ынан бастап №351/352 Алматы -2 - Защита бағытындағы жолаушылар пойызы Шығыс Қазақстан облысындағы Шалабай стансасына аялдайтын болды.

Шалабай стансасына пойыздар тоқтай бастады

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, Шалабай станциясы № 351/352 жолаушылар пойызы ғана жүретін   Шар-Өскемен теміржол магистралі бойында орналасқан. Бұның алдында жолаушылар пойызы аталған станцияға теміржол инфрақұрылымының тиісті стандарт талаптарына сәйкес келмеуіне орай аялдамайтын. Пойызға отыру үшін жергілікті тұрғындар жақын жерде орналасқан (60 км) теміржол стансасына дейін бірнеше шақырым жүріп баратын. Қазіргі күні бұл мәселе оңтайлы шешіліп отыр.

Бүгінгі күні Пойыз қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізілді. Жаңа станцияда пойыз үш минут, ал Өскеменнен Алматы -2 бағдарында екі минут тұрады.