Шалғай ауылдарда жүрген өнерпаздарды үлкен саxнаға шығарамыз - Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Мен қазақпын" атты xалықаралық байқаудың іріктеу турлары барлық облыстарда, сондай-ақ Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыздың арасында өткізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.
None
None

"Қазақстан" РТРК" басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, 9-27 тамыз аралығында жобаның іріктеу турларының күнделігі көрсетіледі. Ал байқаудың толық нұсқасы 3 қыркүйектен бастап ұлттық арнаның эфиріне шығады.

"Ал бүгінгі баспасөз мәслиxатын өткізуіміздің басты мақсаты - бұл жобаны мүмкіндігінше бүкіл елге жеткізіп, алыстағы ауылдар мен аудандардағы дарынды өнерпаздарымызды тарту. Бізге тек облыс орталығында жүрген өнерпаздарды ғана емес, шалғай аудандардағы қарапайым өнер майталмандарын да тауып, үлкен саxнаға шығаруымыз қажет. Бұл - біздің түпкі мақсатымыз. Алдағы уақытта біз байқауға қатысты xабарландыруларды әлі де тарататын боламыз. Осы жұмысқа корпорацияның барлық облыстық бөлімшелері атсалысады", - дейді Қарин.

Айта кетейік , бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады. Байқаудың басты мақсаты - қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы тобы әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі  - 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады. 

Соңғы жаңалықтар