Шалғайдағы елді мекендерді мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету қарастырылуда - Сенат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа Парламенттің бір топ депутаттары бастамашылық жасаған.
None
None

Заң жобасы Қазақстанның мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мен құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық олқылықтарды жоюды көздейді. Бұдан бөлек, мұнай жеткізушілерінің мұнай өңдеу зауыты аумағында аумағында резервуарлардан вагон-цистерналарға құю арқылы мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыру құқығы бекітіледі. «Аталған шара Мемлекет басшысының бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды және шалғайдағы аудандар мен елді мекендерді мұнай өнімдерімен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған сенатор Михаил Бортник.

Бұдан бөлек, мұнай жеткізушілердің бұрын басқа тұлға импорттаған шикі мұнайды өңдеу үшін мұнай өнімдерін өндірушіге жеткізу құқығы беріледі. Бұл еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын шикі мұнаймен және газ конденсатымен толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, мұнай жеткізушілерге Ресейдің мұнай өндіру ұйымдарынан ғана емес, олардың дилерлерінен де шикі мұнайды және газ конденсатын сатып алуға мүмкіндік берілетін болады. Осыған байланысты, заң жобасы арқылы Ресейдің мұнайын және газын Қазақстан аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа да мемлекет аумағынан әкелуді реттеу ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар