Шалғайдағы елді мекендерді мұнай өнімімен тұрақты қамтамасыз етуді қарастыратын заң қабылданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланып, қабылданды.

Парламент қабылдаған заң Қазақстанның мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мен құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық олқылықтарды жоюды көздейді. Бұдан бөлек, мұнай жеткізушілерінің мұнай өңдеу зауыты аумағында аумағында резервуарлардан вагон-цистерналарға құю арқылы мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыру құқығы бекітіледі. «Аталған шара Мемлекет басшысының бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды және шалғайдағы аудандар мен елді мекендерді мұнай өнімдерімен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді сенатор Михаил Бортник.

Оның айтуынша, екінші оқылымға әзірлеу барысында ұсынылған түзетулер мұнай өңдеу зауыттарында және мұнай базаларында есептеу және бақылау құрылғыларын енгізу мерзімін ауыстыруды көздеп отыр. Қолданыстағы заңға сәйкес, бұл құрылғыларды енгізу 2016 жылдың қаңтарынан деп көрсетілген болатын. Осыған байланысты, аталмыш мерзім мұнай базалары үшін 2018 жылдың 1 қаңтарына, ал мұнай өңдеу зауыттары үшін 2017 жылдың 1 қаңтарына белгіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram