09:17, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Шамалған мен Жайық өзендеріне 10 жасар бала мен ер адам батып кетті
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Кеше Алматы мен Атырау облыстарындағы жергілікті өзендерде екі адам суға батып кетті.
Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Алматы облысының Жандосов кентінде Шамалған өзеніне суға шомылу кезінде 10 жасар бала батып кетті, оның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.
Сондай-ақ Атырау қаласында Жайық өзеніне шомылу кезінде суға кеткен 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны судан шығаруға ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД суда-құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды.