11:51, 12 Сәуір 2022 | GMT +5
Шамалған станциясының айналма жолы пайдалануға беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жол-құрылыс маусымында Алматы облысындағы Күрті-Бурылбайтал, Күрті-Қапшағай, Үшарал-Достық және Шамалған станциясының айналма жолдары пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Күрті-Бурылбайтал аралығындағы 143 шақырым жолдың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.
«Бұдан бөлек, Күрті-Қапшағай (67 шақырым) жобасының бір бағыттағы қозғалысын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Үшарал-Достық (180 шақырым) тас жолында қозғалыс ашылады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазір ұзындығы 6 шақырымға созылып жатқан Шамалған станциясының айналма жолында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына дейін бұл нысан да пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, бұған дейін Шамалған станциясындағы жол-көлік апатынан соң жаңа көпір салынып жатқаны туралы хабарланған болатын.