Шәмші Қалдаяқовтың әндері бұдан былай фонограммамен айтуды қажет етпейді - Қалдыбек Құрманәлі

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қыркүйектің 26-сы күні Республика сарайында  Шәмші әндерінің кеші өтеді,

 Шәмші Қалдаяқовтың әндері бұдан былай фонограммамен айтуды қажет етпейді - Қалдыбек Құрманәлі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараның биылғы ерекшелігі - онда орындалатын әндердің бәрі жанды дауыспен айтылады. Шәмші Қалдаяқов әндері бұдан былай фонограммамен айтуды қажет етпейді», дейді Шәмші Қалдаяқов  атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының директоры Қалдыбек Құрманәлі. Оның айтуынша,  бұл кеште Шәмшінің  ең әйгілі 25 әні орындалады. Олар Қазақтың Нұрғиса Тілендиев атындағы мемлекеттік халық аспаптары фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі  және аккордеон,  баян, гитара, домбыра, мандолина, фортепиано сияқты  музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен айтылмақ. Әншілердің арасында Нұрғали Нүсіпжанов, Мақпал Жүнісова, Майра Ілиясова,  Бағдат Сәмединова сияқты әйгілі эстрада жұлдыздарымен қатар жас өнерпаздар да болады.   Шәмші әндерінің кеші былтыр Алматыда  қарашаның 14-інде өткен болатын.