Шаң-тозаңға аллергиясы бар жапондықтар ерекше әдіске көшкен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда тозаңға аллергиясы қозатын адамдар үшін арнайы шлем жасап шығарылды, деп жазады ИТАР-ТАСС агенттігі.
Жаңа инновациялық құрылғы омарташының бас киіміне ұқсайды. Ол адамның мойыны мен иықтарын жауып, толықтай шаң-тозаңнан қорғайды. Шлемнің ішіне вентилятор мен фильтрлар орнатылған. Олар сырттан таза ауаның келіп тұруын қамтамасыз етеді. Дегенмен, құрылғы жасаушылардың айтуынша, шлемнің бір кемшілігі бар - вентилятордың шуылынан сөйлесіп тұрған адамның дауысы естілмейтін көрінеді. Оның жұмысын сәл ақырындатып қоюға болады, бірақ кейін бетперденің ішінде ауа тарылады-мыс.
Жаңа құрылғы интернетте 3,98 мың иенге ($38) емін-еркін сатылуда және аллергиясы бар адамдардың ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр.