Шанамен сырғанауға кеткен адамдар Көкжайлауда үсіп қала жаздады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тауға шанамен сырғанауға кеткен адамдар үсіп қала жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оларды Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері тауып алды.

Жоғалған адамдардың туысқандары кезекші пультіне кеше кешке хабарласқан.

Екі ер адам Көк жайлау шатқалына шанамен сырғанамақ болып көтерілген.

Олар өздерімен бірге 4-6 жастағы екі баланы ерте шыққаны белгілі болды.

Екеуі телефонға жауап бермеген соң жақындары қатты алаңдаған.

«Жедел құтқару жасағында 6 құтқарушы, 1 кинологиялық топ іздеу жұмыстарына кірісті. Олармен байланыс болмағандықтан құтқару тобы туристердің ықтимал жолдарымен жүрді. Қалың тұман мен қараңғылыққа қарамастан іздестіру тобы түн жарымында Үлкен Алматы көлі шатқалында ұлын ерткен ер адамды тауып алды. 15 минуттан соң сәл жоғарырақ аумақта екінші әкелі-балалы жұп табылды»,- деді Республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.



Соңғы жаңалықтар