Аптап ыстық, шаңды дауыл, бұршақ: 8 мамыр күні ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

цветы, весна, лето, погода, сирень, гүлдер көктем, жаз, ауа райы
Фото: Александр Павский / Kazinform

Синоптиктердің болжамына сенсек, республикамыздың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

— Оңтүстік циклонның жүруіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыс өңірде нөсер жаңбыр болады… Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Соңғы жаңалықтар