Шаңғы федерациясы Алексей Полторанинге қандай жаза тағайындалатынын жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зеефильдте өтіп жатқан Әлем чемпионатында допинг дауына ілккен шаңғышылар уақытша жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Эстониялық спортшылар Карел Таммъярв мен Андреас Веерпалу, сондай-ақ Қазақстан өкілі Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясынан шеттетілді. Ал Доминик Балдауф пен Макс Хаукені спорттан Австрияның Ұлттық допингке қарсы агенттігі шеттеті.

5 спортшының барлығы 2019 жылғы Әлем чемпионатында қанға жіберілетін допинг қабылдағандарын мойындады.

«Шаңғы федерациясы допингтің кез келген түріне қарсы. Таза спортшылар мен біздің спортымыздың ережелерін ашықтан ашық елемейтін кез келген спортшы және азамат жазаланады. Допингке қарсы ережелерді бұзған спортшылар заң бойынша да спорттық жетістіктері бойынша да қиындықтарға тап болады. Біздің бүгінгі шешіміміз өзге спортшыларға осыны айқын түсіндіреді деген ойдамын»,-деді Шаңғы федерациясының президенті Джанфранко Каспер.

Соңғы жаңалықтар