Шаңғы федерациясы басы дауға қалған Полторанинге байланысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР шаңғы жарысының Ұлттық федерациясы Австрияның Зеефельде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алексей Полтораниннің жарыс жолына шықпай қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, кеше неміс журналисті Хайо Зеппельт Твиттерінде Австрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгенін жазған еді. Хабарланып отырғандай, австриялық шаңғышылар Доминик Балдауф пен Макс Хаукені қазірдің өзінде полиция ұстаған. Олардан бөлек, 15 шақырымдық классикалық жарыс жолына Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин, сонымен бірге эстондық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъярв шықпаған.

ҚР шаңғы жарысының Ұлттық федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова мәлім еткендей, бұл жағдай бәріне күтпеген оқиға болып отыр.

«Бұған дейін басқа БАҚ көздеріне хабарлағанымыздай, біз кез келген әділетсіз әдістер мен тыйым салынған субстанцияларды қолдануға қарсымыз. Бірақ, Алексей Полтораниннің антидопингті ережелерді бұзғаны дәлелденгенше, WADA, МОК, FIS-тен біздің федерацияға хабарлама келіп, Алексейге ресми түрде айып тағылғанша біз өз спортшымызды қорғаймыз. Әзірге істің мән-жайын анықталып жатыр», - дейді федерацияның баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар