Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шаңғы спортынан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы 5-ші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лахтиде «Финляндия» жастар мен жасөспірімдер арасында шаңғы спортынан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық Валерия Тюленева еркін стильде 10 км қашықтықта сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz.

Шаңғы спортынан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы 5-ші болып келді

Жерлесіміз жарыста бесінші болып келіп, үздік ондыққа ілікті. Оның мәреге келу уақыты 26:35.4. болды.

Бірінші орынды 25:57.3. уақытта келген ресейлік Мария Истомина алса, екінші орынға 25.59.3. көрсеткішімен финляндиялық Эвелина Пиипо табан тіреді. Үздік үштікті 26.26.9. уақытымен Норвегиядан келген спортшы Уднес Венг қанағат тұтты.

Сондай-ақ қазақстандықтардан арасында Иван Люфт сәтті өнер көрсетті. Ол ерлер арасындағы спринттен 11-ші болып келді.