Шаңғы спортынан әлем кубогының бірінші кезеңіне Қазақстан атынан кімдер қатысады
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстан атынан жалпы есебі 11 шаңғышы сынға түседі.
Әлем кубогында Қазақстан атынан Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Виталий Пухкало, Денис Волотка, Константин Борцов, Әсет Дүйсенов, Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Эльмира Мутагарова және Ксения Шалыгиналар қатысады.
Әлем кубогы жылдағы дәстүр бойынша, Финлядияның солтүстік-шығысындағы Рука қаласында 24-25 қараша күндері екі қашықтықта сынға түседі.
«Қандай да бір болжам айту қиын. Біздің спортымызда жарыстың қандай сипат алатынын дөп басып айту мүмкін емес. Біз дайындықты жақсы өткіздік, сондықтан, спортшылар соңына дейін тырысады деп сенемін. Командадағы әрбір спортшы жүлделі орынға қол жеткізу үшін аянып қалмайды», - дейді Виталий Пухкало.
Бұл күндері ұлттық құрама команданың 14 мүшесі Финляндияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.