Шаңғы жарысынан ҚР ашық кубогының алғашқы нәтижелері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның ашық кубогының жалауы желбіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл 2017 жылы Алатау баурайында алауы тұтатылатын қысқы Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыс болып табылады. Еліміздің 10 аймағынан жиналған 100-ге жуық спортшылар үш күн бойы өзара мықтыны анықтамақ. Бүгін жарыс жолына шыққан шаңғышылар жеке сайыста бақ сынады.
Нәтижесінде 5 шақырымдық жарыста қыздар арасында Елена Коломина жеңіс тұғырынан көрінсе, Анна Шевченко екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Анна Стоян қорытындылады. 10 шақырымдық сайыста ерлер арасында Ақмола облысының спортшы Евгений Величко алтынан алқа тақса, Сергей Малышев күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Денис Волотка қоланы қанағат тұтты.
Жарыстың бірінші күні спортшылардың көрсеткен нәтижелері:
Қыздар:
1.Коломина Елена ( Батыс Қазақстан облысы) -17:08,19
2.Шевченко Анна ( Павлодар облысы) - 17:32,63
3.Стоян Анна (Қарағанды облысы) -17:34,23
4.Быкова Ирина (Павлодар облысы) -17:55,36
5.Мандрика Ольга (Ақмола облысы) - 18:08,87
6.Эбель Валентина (Ақмола облысы) -19:02,69
7.Шурыга Ангелина (Алматы) - 19:06,55
8.Матросова Марина (Батыс Қазақстан облысы) - 19:08,41
9.Мандрика Екатерина (Ақмола облысы) - 20:07,15
10. Пак Яна (Батыс Қазақстан облысы) - 20:36,11
Ұлдар:
1.Величко Евгений (Ақмола облысы) - 30:23,5
2.Малышев Сергей (Қарағанды облысы) - 30:24,1
3.Волотка Денис (Ақмола облысы) - 30:35,4
4.Черепанов Сергей (Батыс Қазақстан облысы) - 30:47,3
5.Пухкало Виталий (Қостанай облысы) - 30:51,7
6. Климин Олжас (Ақмола облысы)- 30:56,9
7.Ахмадиев Ердос (Батыс Қазақстан облыыс)- 31:38,8
8.Чеботько Николай (Ақмола облысы) - 31:45,9
9.Люфт Иван 1998 (Батыс Қазақстан облысы) - 31:52,9
10. Башмаков Наиль ( Алматы) - 31:59,1
Жарыс кестесі:
24 желтоқсан, Биатлон бойынша жарыс кестесі:
10:30 - 12:30 Спринт 10 км ерлер
13:30 - 15:00 Спринт 7,5 км әйелдер
15:00 - баспасөз мәслихаты