Шаңғымен бағдарлаудан эстафеталық жарыстың ақтық сынында да қазақстандық команданың жұлдызы жанды

АТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында бүгін Алматы облысындағы Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында шаңғымен бағдарлаудан ақтық эстафеталық жарыс мәреге жетті.
None
None

Онда ерлер құрамасынан кейін әйелдер арасында Евгения Кузмина, Эльмира Молдашева мен Ольга Новикова құрама қоржынына тағы бір алтын медальды салды. Олар 59:43 секундтық көрсеткішпен барлық қарсыластарын шаң қаптырды. Азия чемпиондарынан 18:17 секундтқа ұтылған кореялықтар (Ja Youn Kim, Hana Lee, Seelbi Choi) күміс медальді қанағат тұтты. Мәре сызығын 33:20 секундтан кейін кесіп өткен Моңғолия құрамасы (Uugantsetseg Nandintsetseg, Narantsetseg Altantsetseg, Chinbat Otgontsetseg) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал жарыс кестесін бұл жолы қырғызстандықтар (Olga Gorozhanina, Evgeniia Chernobaeva, Elena Rybalova) түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар