Шаңғымен бағдарлаушылардың ұлттық құрамасы жасақталып бітті

АЛМАТЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Солдат шатқалында өткен республикалық ашық чемпионатта шаңғымен бағдарлаушылар Азиада ойындарына қатысатын ұлттық құрамаға іріктеуді аяқтады.
None
None

Бұл чемпионат спортшылардың қабілеттерін ақырғы рет тексеруге мүмкіндік берді. Отандық спортшылармен қатар, бұл ашық чемпионатқа біздің болашақ қарсыластарымыз - Оңтүстік Корея, Моңғолия және Қырғызстан командалары да қатысты. Жарыс бағдарламасы Азиялық ойындардың шарттарына сәйкес: спринт, орта және ұзақ қашықтық, сондай-ақ эстафета жарыстары бойынша өтті.

Ұлттық құраманың мүшелері үлкен дайындықтарын тағы да паш етіп, ешкімге жол берген жоқ.

Сонымен, негізгі құрамаға - алматылық спортшылар: Михаил Сорокин, Александр Бабенко, сондай-ақ шығысқазақстандық Алексей Немцев пен Виталий Лиличенко және солтүстікқазақстандық Аслан Тоқбаевтар кіріп отыр. Әйелдер арасындағы үздік «үштікке» астаналық Ольга Новикова мен Эльмира Молдашева және шығысқазақстандық Евгения Кузьмина кірді.

Азиада ойындарына дейін олар жаттығу лагерінде болады.

Соңғы жаңалықтар