Шаңғымен сырғанау: Полторанин екі алтын алды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Муониода (Финляндия) шаңғымен сырғанаудан халықаралық жарыста қазақстандық Алексей Полторанин екі қашықтықта жеңіске жетті, деп хабарлады alaman.kz.

Шаңғымен сырғанау: Полторанин екі алтын алды

Ерлер арасында классикалық стильдегі 10 шақырымдық жарыста қазақстандық спортшы бірінші орын алды, екінші орында - чех Лукаш Бауэр, үшінші орында - германиялық шаңғышы Ханнес Дотцлер.

Ерлер арасындағы спринтте классикалық стильде Алексей Полторанин жеңсе, екінші орыннан Финляндия спортшысы Ари Лууса көрінді, ал үшінші болып ресейлік Анатолий Волков келді.