Шаңғымен тұғырдан секірушілер қойған мақсатынан асып түсті - Павел Новиков

АТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Тартысты бәсекеде жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз.
None
None

Бұл спорт түрінен қоржынымызға алтын жүлдесі түсті. Жалпы тұғырдан секіруші спортшылардың алтынды да, күмісті де, қоланы да жеңіп алғандарына қатты ризамыз. Ауа райы тосын сыйлар жасады, кеше жатығулар да ауыстырылған болатын, соған қарамастан жарыстар өтіп, спортшыларымыз лайықты өнер көрсетті. Бұл туралы бүгін Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден жарыстардың аяқталуына арналған қорытынды баспасөз мәслихатында Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы уәдесінде тұрды. «Тіпті қойған мақсатынан асып түсті. Біз оларға енді осы қарқыннан таймауларын тілейміз», - деді П.Новиков.

Қайрат Бекенов те өз қуанышын жасырмады. «Мен бүгін ерекше көңіл-күйдемін. Алға қойған міндетіміз орындалды. Ең бастысы, қанша тер төктік, сол еңбегіміз ақталды, сондай-ақ, ел үміті ақталды. Шәкірттерімнің ел намысын абыроймен қорғап шыққандарына тәнтімін», - деді ол. Оның айтуынша, спортшылар командалық сында алтын алуды жоспарлаған.

Алтын медальдың иегері Евгений Левкин: «Қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы маған күш берді. Сондықтан жақсы өнер көрсеттім. Өзіме ризамын»,-деді.

Ал қола жүлденің иегері Радик Жапаров: «Жақсы дайындықтардың арқасында жетістікке жеттік деп ойлаймын. Біз Азия ойындарынан жаңа тәжірибе жинадық. Енді әлемдік жарыстарда жақсы өнер көрсететін боламыз», - деген лебізін білдірді.

«Біз межелеген алтыннан айырылдық. Қазақстан командасы шынымен де мықтылығын көрсетті», - деді Жапон құрама командасының жаттықтырушысы Кенджи Суда.

Соңғы жаңалықтар