Шаңғымен жарысудан ӘЧ: 50 шақырымдық масс-стартта бар жүлде норвегиялықтарға бұйырды
ОСЛО. ҚазАқпарат - Норвегиялық шаңғышы Мартин Ньенгет Ослодағы әлем чемпионатында 50 шақырымдық классикалық масс-стартта бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол қашықтықты 2 сағат 3 минут 27,3 секундта бағындырды. Екінші орынды тағы бір норвегиялық Шур Рёте (0,6 секунд артта қалды) еншіледі, ал үшінші орынды оның отандасы Дидрик Тонсет (+3,5) иеленді. Төрт дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және төрт дүркін әлем кубогының иегері швейцариялық Дарио Кельья мәреге тоғызыншы болып (+1,15,9) келді.
Айта кетер жайт, бұл оның спорттық мансабындағы соңғы жарысы.
Биылғы маусымда әлем чемпионатының тағы бір кезеңі 11-13 наурызда Швецияның Фалун қаласында өтеді.