Шаңғымен жарысудан ӘЧ: Қазақстан сапынан кімдер жарыс жолына шығады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Норвегияда өтіп жатқан шаңғымен жарысудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қыздар арасында 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан Лаура Киныбаева, Мария Люфт және Камилла Махмұтова бақ сынайды.
Жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен 18.00-де басталады.
Ерлер арасында 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан Темірлан Төлегенов пен Святослав Матасов сынға түседі. Басталуы – 20.00.