14:18, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Шаңғымен жарысудан ҚР чемпионаты: Масс-старт жеңімпаздары анықталды
ЩУЧИНСК. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Щучинс қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде спортшылар классикалық әдіспен масс-старт жарысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратына сүйенсек, 30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы сында Ксения Шалыгина жеңіске жетті. Күміс жүлдені Надежда Степашкина, қоланы Анна Мельник жеңіп алды.
50 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан ерлер арасындағы бәсекеде алматылық Наиль Башмаков топ жарды. Екінші орынды Владислав Ковалев, үшінші орынды Константин Борцов иеленді.