Шаңғышылар Әлем чемпионатына қатысады
Ерлер құрамасының аға бапкері Сергей Тишковтың айтуынша, 7-қысқы Азия ойындарынан кейін спортшылардың бәрі туған жерлеріне оралып, дайындықты жеке-дара пысықтады. 24 ақпанда Ослодада жалауы көтерілетін Әлем чемпионатында ел намысын ерлер мен әйелдер арасында алты-алтыдан 12 спортшы қорғамақ. Олар - Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Сергей Черепанов, Денис Волотко, Евгений Величко, Евгений Кошевой және Светлана Малахова, Елена Коломина, Татьяна Рощина, Оксана Яцкая, Анастасия Слонова, Марина Матросова.
«Бұл дүбірлі додада ерлер арасындағы жарыста 15 шақырымдық классикалық жүрістен А. Полторанин мен Н. Чеботькаға үміт артылып отыр. Онда үздік үштікке, эстафеталық сында алтылыққа ену жоспарлануда. Ал әйелдер командасы олардан әлсіздеу, сондықтан сегіздікке енсек жаман болмас еді», -дейді Сергей Васильевич. Оның сөзіне қарағанда, команда Әлем чемпионаты қарсаңында сондай-ақ, 19-20 ақпанда Әлем кубогының кезеңдің жарысында да бақ сынайтын болады.