Шанхай әуежайындағы өрттен екі адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхайдың «Хунцяо» әуежайында болған өрттен екі адам қаза тапты. «Сина» жаңалықтар порталының хабарлауынша, тағы үш адам зардап шекті, деп жазады «ТАСС» агенттігі.
Өрт әуежайдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген жерасты қабаттарының бірінде шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жолаушылардың қауіпсіз жерге шығарылуы мен әуе рейстерінің кешігуі туралы әзірге хабарланған жоқ.