14:17, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Шанхай қаласында дәстүрлі Қытай жаңа жылы тойланбайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай билігі жаңа жыл меркесі күні 33 адамның тапталып қаза тапқан қайғылы оқиғасынан кейін ай күнтізбесі бойынша келетін, дәстүрлі Қытай жаңа жылын атап өтпейтін болды, деп хабарлады ВВС.
Еске сала кетейік, жаңа жылда жиналған қарқұрым халықтың ішінде 33 адам қаза тапқан болатын.
Шанхайда ақпанда 18 күн бойы Юйюань бағында дәстүр бойынша Жаңа жыл мерекесі тойланады, оны әдетте миллионға жуық адам тамашалайды.
Шанхай билігі мен Юйюань бағының әкімшілігі қауіпсіздікті сақтау мақсатында мереке тойланбайтыны жайлы мәлімдеме жасады.