Шанхай маңында екі кеме соқтығысты: 14 адам жоғалып кетті

ШАНХАЙ. СИНЬХУА – ҚазАқпарат – Бүгін Шанхай маңында Янцзы өзенінің сағасында баржа мен бензин құйылған танкердің соқтығысуы салдарынан 14 адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Шанхай маңында екі кеме соқтығысты: 14 адам жоғалып кетті

Агенттіктің хабарлауынша, келеңсіз жағдай жергілікті уақыт бойынша 3:39-да болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар екі кеменің 17 экипаж мүшесінің үшеуін құтқарған.

Соқтығысу салдарынан 3 мың тонна бензин құйылған танкердің палубасы өртеніп, баржа суға батып кетті.

Құтқарушылар із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыруда.

Фото: globaltimes.cn