Шанхай зауытында өрт шығып, сегіз адам хабар-ошарсыз кетті

ШАНХАЙ. Синьхуа-ҚазАқпарат - Сегіз адам, оның ішінде екі өрт сөндіруші бейсенбі күні Шанхай зауыттарының бірінде шыққан өрттен хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
None
None


Өрт шамамен 13:30-да Цзиньшань аймағында орналасқан электронды бөлшектер шығаратын зауытта болды. Жергілікті әкімшіліктің хабарлауынша, өрт ошағы сөндірілді.

Өрттің салдарынан зауыттың алты қызметкері мен екі өрт сөндірушінің хабар-ошарсыз кеткені анықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар