Шанхайда екі метро пойызы соқтығысты

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше түстен кейін Шанхай метрополитенінің 10-шы желісінде екі жерасты пойызы соғысып қалды. Синьхуа агенттігі хабарлағандай, оқыс оқиға жабдықтың күтпеген жерден істен шығуы салдарынан болған.
None
None

Соңғы деректер бойынша, апат салдарынан 260 адам әр түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Қайтыс болғандар туралы дерек жоқ.

Апат орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар