Шанхайда еркін сауда аймағы іске қосылды
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қытайда Шанхай аумағында тәжірибелік еркін сауда аймағы іске қосылды, деп хабарлады РБК.
Оның аумағында жергілікті және шетелдік компаниялар салықтан босатылып, пайыздық мөлшерлемелерге нарықтық есептеме енгізілмек. Қытай билігі ең басты тәжірибе еркін сауда аймағында юаньның еркін айырбасталуын енгізбек, деп хабарлады ҚХР мемлекеттік телевизиясы.
Еркін сауда аймағының ауданы 29 шаршы шақырымды құрайды - оған Пудун әуежайы және Яншань порты сияқты маңызды сауда нысандары кіреді. Осы «капиталистік тәжірибені» іске қосуға Қытай 4 жыл әзірленді.
Шанхайдағы еркін сауда аймағын дамыту жоспары 10 жылға есептелген. Әзірге онда қызмет жүргізуге 36 компания лицензия алды, олардың үштен бірі - шетелдік капитал. ҚХР басшылығы Шанхайды инновация үшін алаң ретінде қарастырады, кейінірек ол елдің барлық аумағында енгізілуі мүмкін.
Бұдан бұрын қытай билігі еркін сауда аймағына шетелдік телекоммуникациялық компанияларға рұқсат беретінін хабарлаған болатын - бұл қытай интернетін ырықтандыруға жәрдемдесетін болады.