Шанхайда іші балаларға толы автобус кранмен соқтығысып, аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шанхайда мектеп автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. Соның салдарынан оның ішінде отырған 18 оқушы жарақаттар алды.
None
None

Оқыс оқиға автобустың солға бұрыларда ауыр кранды өткізбеуінен болды. Оның қауғасына соғылған автобус аударылған сәтінде жанындағы қатарда орналасқан Porsche Cayenne көлігіне соғылған.

Автобуста болған 44 баланың 18-і түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Балаларға медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар