Шанхайда ҚР мен ҚХР арасындағы сауда және инвестицияны ынталандыру орталығы ашылады
28 қыркүйек күні Шанхай қаласында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқан 12 қытайлық компания өкілдері осы оқиғаға арналған Қазақстан-Қытай конференциясының аясында жаңа орталық құру туралы меморандумға қол қойды. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ынталандыру орталығы, ең алдымен, Чжэцзян, Цзянсу, Цзянси, Аньхой, Фуцзян және Шанхай қалаларындағы қытайлық кәсіпкерлерге инвестициялық, кеден және басқа да салалардағы Қазақстан заңнамалық нормаларын түсіндіруде консультациялық қолдау көрсету және оны ұйымдастыруға, сонымен қатар басқа да анықтамалық қызметтерді ұсыну бағытталған.
Бұл құрылымды құру туралы идея өткен конференцияда қытайлық компаниялар арасынан ЭКСПО-2017-нің белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табыс еткен Қазақстан Республикасының Шанхайдағы Бас консулдығына тиесілі.
Конференцияға барлығы 50-ден астам қытайлық компанияның өкілдері қатысты.