Шанхайда пицца қамырын илеуден рекорд жаңартылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхайда 511 адам пиццаға арналған қамырды біруақытта илеуге қатысты. Сөйтіп олар жаңа әлемдік орнатып, ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлады China News.
None
None

Байқау шарттары бойынша, барлық қатысушылар диаметрі 30,5 см пиццаға арналған қамырды бір уақытта қолмен айналдыра ауада дөңгелетіп әзірлеуі тиіс. Мұны кем дегенде бір минутта орындау қажет. Қатысушылар міндеттерін сәтті орындап жаңа рекорд орнатты.

Рекорд орнату үшін пайдаланылған қамыр ысырап етілмей, 511 пицца жасалып, артынша сатылып кетті. Алынған қаражат қайырымдылыққа аударылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум