Шанхайдағы АҚШ консулдығы ғимаратына көлік соғылды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Кеше кешке Шанхай қаласындағы АҚШ бас консулдығының орталық қақпасына автомобиль соғылды. Көлік ішінде қытайлық азамат болған, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
«Жергілікті уақытпен сағат 21.43-те Фуцзянь провинциясында тіркелген қара түсті «Тойота» көлігі Оңтүстік Үрімжі жолының бойымен келе жатып, кенеттен оңға бұрылып дипмиссияны күзетіп тұрған әскери қызметкерді жарақаттады», - деп жазды басылым Шанхай қоғамдық қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасап.
Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Ол Фуцзянь провинциясының Саньмин қаласының 35 жастағы Лю Даоцзе есімді тұрғыны болып шықты. Оның сөзіне қарағанда, ірі компания басшысы ретінде оны біреу өлтірмек болғанын сезіп, полицияның назарын өзіне аудару үшін осындай әрекетке барған.
Ұсталған азамат «күзетіліп тұрған мекемені» соққанда осыдан басқа мақсатты көздемегенін айтуда.
Тергеу амалдары жалғасуда.