14:37, 11 Наурыз 2013 | GMT +5
Шанхайдағы өзеннен 2800-ден астам шошқаның өлексесі шығарылды
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Шанхайда қаланың ауызсу көзі болып табылатын Хуанпуцзян өзенінен 2813 шошқаның өлексесі шығарылды.

Жануарлардың өзенге қалай түскені әзірше беймәлім. Сондай-ақ олардың суға батып кеткені немесе Хуанпуцзянға өлі күйінде тасталғаны да белгісіз. Жергілікті билік көздері оқиғаны тергеу амалдарын бастады.
Қазіргі уақытта мамандар болған келеңсіз жағдайдың ауызсудың сапасына қалай әсер еткенін, оны тазалау үшін қандай шаралар қолдану қажеттігін анықтап жатыр.