Шанхайдағы РФ Бас консулдығында Жеңістің 70 жылдығына арналған шарада «Отан Ана» әні шырқалды

БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - ҚХР Шанхай қаласында РФ Бас консулдығында Жеңістің 70 жылдығына арналған қабылдауда қазақстандық студенттер ұлттық би билеп, Батырхан Шүкеновтың «Отан Ана» әнін шырқады.

Шанхайдағы РФ Бас консулдығында Жеңістің 70 жылдығына арналған шарада «Отан Ана» әні шырқалды

Шараны ұйымдастыруға ресейлік дипломаттармен қоса, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан бас консулдығы қызметкерлері де белсенді қатысты. Шақырылған қонақтардың ішінде Шанхай қаласы басшылығы, Қытай Компартиясы Шанхай комитетінің өкілдері, қоғамдық саяси және ғылыми орта, дипломатиялық корпус өкілдері мен ТМД елдерінің азаматтары бар.

Жиында майданда 1 млн 500 мың қазақстандық қатысып, олардың жартысы елге оралмағаны айтылды.