Шанхайдан Лондонға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда Иркутск қаласына қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай-Лондон бағытындағы жоолаушылар ұшағы Иркутскіге апатты жағдайда қонды. Бұл туралы «Росавиациядан» хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Шанхайдан Лондонға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда Иркутск қаласына қонды

«Airbus A340» ұшағы «Virgin Atlantic» компаниясына тиесілі. Ұшақтың мәжбүрлі түрде қонуына жүксалғыш бөлігінің түтіндеуі себеп болған.

Ұшақ бортында 286 жолаушы, 15 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір олардың барлығы Иркутск қаласы әуежайының халықаралық терминалында.