Шаңтөбе кентінде жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілуде - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шаңтөбе кентінде құны 1,5 миллиард теңгеге жуық жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жоба «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып отыр. Жобаның құны 1 миллиард 243 миллион теңгені құрайды. Быилға 800 миллион теңге қаржы бөлінді. Нысанның құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.
Құрылыс жұмыстарын «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» ЖШС қолға алуда. Техникалық бақылау «ELAMANCOMPANY» ЖШС және авторлық бақылау «Прогресс Инжиниринг» ЖШС тиесілі.
Аталмыш құрылыс алаңында болған Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев кент әкімі Ержан Мұқанов пен «Шантөбе-Энергокомплекс» ЖШС директоры Руслан Птуховке жұмысты кестеге сай жүргізуді тапсырды.
Қазіргі кезде, құрылыс алаңы анықталып, қазандық пен көмір қоймасының іргетасын қалау жұмыстары басталып кетті.