«Шаңырақ Агро» серіктестігі 249 пайшының жер телімін негізсіз иемденген
«Ақмола облысындағы тексеру нәтижелері бойынша Целиноград ауданындағы 249 пайшының жер телімдерін негізсіз иемденген «Шаңырақ Агро» ЖШС-ға жер учаскесін беру жөніндегі конкурс қорытындыларын жою туралы сотқа талап қою берілді», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта.
Мұнан бөлек, комиссия мәліметінше, Алматыда ірі көтерме сауда базарындағы («Барыс–4») олигополиялардың бірінің үлесі құны 5 есе төмен бағамен (нарықтық бағасы - 1.5 млрд теңге, 307 млн теңгеге сатылды) сатылғаны анықталды. Биыл шілдеде мәмілені бұзу және нысанды мемлекетке қайтару мақсатында талап қою енгізілді.
«2019 жылы «Салтанат үйі» ЖШС-ның атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша нысанның сатылғаны анықталды. Ал нысанның нарықтық құны 3 млрд теңгені құрайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2022 жылғы 28 маусымда сатып алушы бұрын сатып алынған ғимарат үшін 2 млрд 400 млн теңге қосымша төлем жасады», - деп атап өтеді комиссиядан.